Жетысуская область

Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай болған сарбаз қаза тапты

Қарулы күштер қатарында небәрі үш ай қызмет еткен сарбаз қаза тапты. Қорғаныс министрлігі жігіт кенет менингиттен көз жұмды десе, туыстары оның ауырып өлгеніне сенбей отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

 

2023 жылдың күзінде Әмір Байтұрғанов әскерге шақырылған. Марқұмның әкесі оның өз болашағын Отанға қызмет етуге және қорғауға арнағанын, әскерге шын ықыласымен барғанын атап өтті. Сонымен қатар баласының спортпен шұғылданын, әрқашан шымыр болғанын айтады. Алайда марқұмның отбасы 21 желтоқсанда қаралы хабарды естиді.

“Түнгі сағат 03:00-де әскери бөлімнен қоңырау шалынды. Олар сіздің ұлыңыз есін жия алмай, ес-түссіз жатыр деп хабарлады. Олар менің бөлімге дереу келуімді сұрады. Сол күні таңғы сағат 06:20-да ұлым есін білмей көз жұмды», – дейді марқұмның әкесі Мұрат Байтұрғанов.

Атыс дайындығы сабақтарынан кейін Әмірдің жағдайы нашарлай бастаған. Сол күні ол жоғары дене қызуымен ауруханаға түседі. Бір уақытта әскери бөлімдегілердің оның қызуын басқандай болғанымен, сарбаздың ауруы қайта асқынған.

«Кешке қарай науқастың жағдайы нашарлады. Дене қызуы экстремалды жағдайға дейін көтерілді. Осыдан кейін науқас орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптаманың деректері бойынша өлімнің алдын ала себебі жедел инфекциялық ауру менингит деп анықтама берілді», – деді Бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ілиясов.

Алайда марқұмның туыстары балаларының менингиттен мерт болғанына сенбей отыр. Жақындарының айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы бүйрегінің ауырып жүргеніне шағымданған. Бірақ уақытылы ем-домын ала алмаған.

«Бұған дейін бүйрегі ауырғанын медициналық бөлімдегілерге айтып, бірнеше рет жүгінген. 28 қарашада ол ультрадыбыстық зерттеу жүргізу үшін бөлімнің медициналық қызмет басшысына жүгінеді. Тек 6 желтоқсанда олар қалаға барып, ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп, екі жақты пиелонефрит диагнозын қойды. Оны сол күні-ақ бірден әскери госпитальға жатқызғанымен, 3 күннен кейін шығарып жібереді», – деді марқұмның әкесі.

Әкесі ұлымен жиі хабарласып тұрғанын айтады. Ұлының айтуынша, казармаға лауазымды тұлғалар тексеріспен келген. Басшылары қалай тексеріс бітеді, дереу емханаға жатқызылады деп айтқан. Дегенмен жағдай мүлде басқаша болған.

Туыстары балаларының созылмалы пиелонефриттен көз жұмды есептеп отыр. Десе де, қорғаныс министрлігі сарбаздың бүйрек ауыруынан қайтыс болғанын жоққа шығарды.

«5 желтоқсанда жасалған сот-медициналық деректерге сәйкес және аурудың тарихын зерттей келе, өлім себебі арасында еш байланыс жоқтығын көрсетеді», – деді Берік Ілиясов.

Марқұмның әкесі Бас прокуратураға тергеу барысын ерекше бақылауға алуды сұрап отыр.

Другие новости

Back to top button