Жетысуская область

Жетісу облысында аюмен суретке түскен адамды полиция іздеп жатыр

Жетісу облысының полицейлейлері өлтірілген аюмен суретке түскен адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Белгісіз ер адамның суреті әлеуметтік желіде жарияланды.

Ақпарат назарға алынды. Қазіргі уақытта Жетісу облысының полицейлері қызыл кітапқа енген жануармен суретке түскен ер адамның жеке басын анықтау үшін қажетті шаралар ұйымдастыруда,

— делінген хабарламада.

Сонымен қатар ақпарат Табиғат пен жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мүдделі ведомстволарға жіберілген.

Іздестіру іс-шараларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады,

— деді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button