Жетысуская область

Жетісу облысында 152 млн теңгеге жөнделген үш көше екі жылға жетпей шұрық тесік болған

Әкімдік жөндеу жұмысымен айналысқан компанияларды сотқа берді

Үштөбе қаласындағы Гагарин, Амангелді, Қаблиса ақын көшелерін салған «Silk road construction», «Таған», «Жигули» ЖШС енді жолды сапасыз жөндегендері үшін сотта жауап береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, аталған 3 көшені жөндеуге компаниялар бас-аяғы 152 миллион теңге алған.

«2020 жылы «Монолит» ЖШС Үштөбе қаласы бойынша 33 көшеде орталықтандырылған су жүйесін орнатқан, оның арасында Гагарин көшесі де бар. Сол жылы Гагарин көшесін орташа жөндеу жұмыстарын 60,3 млн теңгеге «Silk road construction» ЖШС жүргізеді. 2022 жылы аталған көшеде жаңа салынған құбыр жарылып, топырақ шөгіп, асфальт төсемесі тесілді. Үштөбе қаласында жаңа салынған су құбырларының ақаулары көбейіп, мердігер «Монолит» ЖШС уақтылы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты сотқа арыз берілді», — деп мәлімдеді Жетісу облысының әкімдігі.

Сондай-ақ, Амангелді мен Қаблиса ақын көшелерін толық және мерізімінде аяқтамаған компаниялар да жауапқа тартылады.

«2020 жылы Үштөбе қаласындағы Амангелді көшесіне «Таған» ЖШС 21,3 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 2021 жылы аталған көшедегі асфальт жамылғысы бұзылып, шұңқырлар пайда болуына байланысты, өзіне алған міндетемелерін орындамаған мердігердің атына талап арыз берілді, сот шешімі 2022 жылдың 28 қантарында шықты. Бүгінде сот шешімінің орындалуы жеке сот орындаушыларының қарамағында.

2021 жылы «Жигули» ЖШС-мен 70, 95 млн теңгеге Үштөбе қаласының Қаблиса ақын көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасалған. Алайда жұмыстар толық және уақытылы жүргізілмеді. Бүгінгі күні мердігердің атына сотқа талап арыз берілді»,-деді Жетісу облысының әкімдігі.

Үш көшенің опырылып жатқанын кеше қоғам белсендісі Дидар Смағұл Facebook парақшасында жазған болатын. Мәселені талқыға салған ол, Үштөбе қаласы тұрғындарының жанайқайы бекер емес екендігін айтты.

 

Другие новости

Back to top button