Культура

Жер бетіндегі ұлттар бір мақсатқа  ұйысқанда әлемде береке орнайды – Бас мүфти

Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХ отырысы өтіп жатыр.

Қазақ халқында “бір күн ұрыс болған үйден 40 күн береке кетеді” деген сөз бар. Ешқандай адам өз отбасында ұрыс-керіс, қантөгіс болғанын қаламайды. Ендеше, әрбір мемлекет Отанымыз болған Жер шарының бір бөлігі емес пе? Жер шары-біздің ортақ үйіміз,- деді Тағанұлы.

Ол атағандай, кез келген түсініспеушілік диалог пен ынтымақтастық негізінде шешілгені абзал.

Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстар бір мақсатқа ұйысқанда әлемде береке орнайды. Бұл орайда Исламның рөлі өте зор,- деді ол.

Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті.

Другие новости

Back to top button