Дежурный по стране

Жемқорлардың “жазасын өтеп отыр” деген аты ғана, темір тор кішігірім курорт

Қуат Ахметжанов - диктор

Ауруын жасырған өледі. Осы бізде темір тордың арғы жағындағы өмір, “жазасын өтеп отыр” деген аты ғана болмаса, жемқорлармен алаяқтар үшін кішігірім курорт екені бесенеден белгілі.

Сұқ саусақпен берілген бұйрықтары, сол мезетте орындалып жатады. Бір танысым бар, түрмеде істегеніне талай жылдың жүзі болды. Сөзден жаңылмайды. Қалжындасқанда да, КВНшик достарыңның ”шуткалары” оның жанында дым күлкілі емес.

Бірде тойда кездесіп қалдық. Әңгіме барысында қызық қой, сұрайсың да ана жақ қалай,-деп. Бастап берсең болды, аузың аңқиып тыңдап отыра бересің. Алдында жезөкшелерді кіргізгендерін айтқан, осы жолы жарты газель арақтың жырын айтты.

Бір күні кезекшілікте отырсам, екі жігіт келді дейді. Посылка баяғы, өткізу керек. Бастық рұқсат берсе мархабат. Көзімше қоңырау шалғанмен, телефоны байланыс аясынан тыс жерде екен. (Екінші нөмірін білсем де үндемей тұрмын дейді) Өткізе салсаңшы бауырым деп қызмет куәлігін көрсетіпті. “Жоқ”- дегенге, ертең бұл жерден жұмыстан кететінін ашық бетіне айтқан. Қорыққанымнан, былай шығып бастықтың екінші нөміріне қоңырау шалып мән-жайды тізіп беріп едім, кіргізсеңші енді депті ақырып. Арақ қой десем.

-Қанша ғой дейсің бір пәкет пе?
-жоқ!
-енді?!
-Жарты газель 🤦🏻‍♂️
-….ШШС енді не істейсің, ертең аяқ астынан тексеріп ес ақылымызды шығарады, өткіз!

Амалым қалмады. Ол жақта, заң жүрмейді дейді әлгі танысым!

(Кейбір ақшасы барлар салқын 0,5 емес 0,33 МИЛЛЕР сыра алдыртып ішеді екен, ал қолдарындағы соңғы Айфон 13 жүргендері өз алдына бөлек әңгіме енді)

Бүгін Қайрат Сатыбалды ШҚО түрмесіне кетіпті деген ақпаратты көзім шалып қалып еді, есіме мына әңгіме түсіп кеткені, айтпақшы әлгі танысым да сол жақта қызметте))) фураларды кіргізіп шаршап жүрген шығар дәл осы кезде…

Диктор Қуат Ахметжановтың желідегі жазбасы

Другие новости

Back to top button