
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаржыны үнемдеу арқылы және Тәуелсіздік күні қарсаңында «желтоқсаншыларға» төлемді ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, жыл сайын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге көлемінде өтемақы алып келген еді. Биыл бұл көмекті 702 адам алады.
Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.