Выбор редакцииМангистауская область

Желіде жаңаөзендік мұғалімнің оқушыны ұрып жатқан видеосы тарады

Мұғалімнің қол көтерген сәтін спорт залдағы басқа оқушылар видеоға түсіріп алған

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті дене шынықтыру сабағының мұғалім іоқушыны ұрып жатқан видеоға қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Лада» газетіне сілтеме жасап.

Видеода дене шынықтыру сабағының оқушының шашын жұлып, бірнеше рет ұрғаны, ал екінші оқушыны артынан тепкені көрсетілген.

Жаңаөзен қаласы білім басқармасы бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылғанын және мектеп-гимназияның тәртіптік кеңесі отырысының шешімімен оқушыларға күш көрсеткен мұғалімнің ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Другие новости

Back to top button