Главное

«Жеделсатыдан қорқады»: Астанада лифтте жасөспірімнен жапа шеккен 5 жасар баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты

Астанадағы тұрғын үй лифтінде жасөспірім бетін пышақпен тілген 5 жасар баланың анасы ұлына шұғыл көмек керек екенін айтты. Бала шетелде жасалатын емге мұқтаж. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Баланың бет жүйкесі зақымданған… Сол жақ беті жансызданып қалды”, – деп жазды баланың анасы.

Айнұрдың айтуынша, қазір Батыр қазір реабилитациядан өтіп жатыр.

“Дәрігерлер жақында консилиум өткізеді. Біз өз тарапымыздан шетелдік дәрігерлердің консультациясына жазылдық. Қанша қаражат қажет екені әзірге белгісіз, консилиум мен консультациядан кейін белгілі болады. Дәрігерлер сол жақ бет жүйкесінің жарақаттан кейінгі нейропатиясы деген диагноз қойды. Жалпы жағдайы жаман емес. Бірақ реабилитациядан шаршап қалады. Лифттен қорқып қалған. Психологқа барып жүрміз”, – дейді Батырдың анасы.

Оның сөзінше, жасөспірімнің тарапынан өтемақы талап етуге болады.

“Бірақ ол үшін уақыт пен күш керек. Жасөспірімнің анасы жалғызбасты ана болғандықтан ол тараптан ешқандай ұсыныс болмады”, – дейді Айнұр.

Еске салсақ, 2025 жылдың ақпан айында Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде 14 жастағы жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы К-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаныны қарамастан, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған Е-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.

Сот қаулысына сәйкес, К-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Көмек көрсету үшін реквизиттер: +7 705 109 00 22 Айнура Б. (Kaspi Bank/Halyk Bank)7 Kaspi: 4400 4302 1908 68137, Halyk 4003 0351 96194 083, instagram: ainura_batyr_.

Другие новости

Back to top button