Кызылординская область
Жедел жәрдем көлігін мас күйде тізгіндеген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол мас күйде көлік басқарған. Самара-Шымкент тасжолында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ол қолға түсті.
Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.