Карагандинская область

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Дәкебаевқа үкім шықты

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін сабаған Нұрболат Дәкебаевқа үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық соты Нұрболат Дәкебаевтың қылмысы дәлелденді деп тапты. Жүргізушінің өзі “арандатты” деген нұсқаға сыни қарайтынын мәлімдеді. Сот Дәкебаевты 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы сөзінде Нұрболат Дәкебаев жәбірленушіден, қоғамнан кешірім сұрап, өзін бас бостандығынан айырмауды өтінген еді. Ол тергеу изоляторында 7 ай отырған. Оның тергеу изоляторында отырған бір күні түзету мекемесінде екі күн болып есептеледі.

Жәбірленуші сотталушыдан 5 млн теңге талап еткен. Сот шешімімен Дәкебаев 2 млн теңге өтеуге міндеттелді.

Оқиға жайлы

Еске салсақ, Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали есімді жігіт атышулы оқиғаның қалай болғанын айтып берген болатын.

Кейін «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру бойынша күдікті Нұрболат Дәкебаев қолға түсіп, кешірім сұрады.

Осы оқиға қоғамды дүрліктіргенде депутаттар да пікір білдіріп, бұзақыны ел алдында қатаң жазалау керек екенін айтқан еді. Мәселен, депутат Елнұр Бейсенбаев Дәкебаевтың әрекетін әбден шектен шыққандық деп бағалаған.

Сондай-ақ бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам жазалануы керек деп есептейді. Оның айтуынша, Сенатқа еніп кеткен денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасына қызмет бабындағы медицина қызметкерлерін қорғайтын қосымша норма енгізу керек.

Другие новости

Back to top button