Выбор редакцииДенсаулық
Жазда COVID-19 пандемиясының жаңа кезеңі басталуы мүмкін – Ғалымдар
АҚШ-та FLiRT тобына кіретін КР.2 штаммы таралып жатыр. Деректерге сай, екі апталық кезеңде бұл штамм COVID-19 жағдайларының 28,2 пайызына тең болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото pixabay
Наурыз айының басында бұл көрсеткіш небәрі 3,8 пайызды құрады. Ал соңғы апталардағы ең көп таралған екінші штаммы КР.1 болды.
Бұған дейін ДДҰ Flirt нұсқалары Еуропаның 14 елінде және Израильде анықталғанын хабарлады. Дегенмен әзірге жаңа жағдайлардың саны аз тіркелуде. –
Сонымен қатар, Уорвик университетінің қызметкері Лоуренс Янг Ұлыбританияда flirt штамдары АҚШ-тағыдай жаңа коронавирустық жағдайлардың шамамен бірдей санын құрауы мүмкін екенін айтып, болжам жасады.
Мұндай жағдайлар Австралияда, Канадада, Үндістанда және Таиландта да кездеседі.
Алайда, бірқатар ғалымдар әлемде коронавирусты жаппай жұқтырудың жаңа өсімі екіталай деп отыр.