Культура

Жаз – жақын: «Каникулы Off-Line 3» қазақстандық комедиясы енді онлайнда

Иви онлайн-кинотеатрында танымал «Ауыл Кэмп» франшизасының премьерасы өтті. Туынды көрерменді көзайымға айналған актерлік құраммен және қызық сюжетімен қуантады.

Тәлімгерлер Қайрат, Болат және Дастан бас қосады. Олардың миссиясы өте ауыр: карантин шектеулеріне байланысты табысы жоғалған «Ауыл Кэмп» балалар лагерінің жұмысын жандандыру. Оның үстіне, инвестордың қызы Жанна да шығыны көп мекемені жауып тынбақ. Тәлімгерлер үштігі оны шешімді асықпай қабылдауға көндіреді. Енді достар демалуға келген балаларды татуластырып, «Ауыл Кэмпті» құтқаруы керек!

Картина режиссері – Ернар Құрмашев. Фильмде Мейіргат Амангелдин, Еламан Есентаев, Бекзат Елеусізов, Мағжан Хамит және Зарина Хаджиметовалар түскен.

Ұзақ күткен каникулды жақындататын отбасылық комедияны Иви онлайн-кинотеатрында барлық құрылғыдан қазақ тілінде орыс тіліндегі субтитрмен тамашалауға болады. Сондай-ақ, Изи Иви мобильді жазылымда қолжетімді.

Иви онлайн-кинотеатры ай сайынғы аудиториясы 50 миллионнан асатын бірегей қолданушылары бар ең ірі ресейлік онлайн-кинотеатрлардың бірі. Контент қорында 10 мыңнан аса тайтл, түрік және корей сериалдарының кең каталогы, 16 жеке өндіріс жобасы бар. Әзірлеуде ондаған телехикая мен толықметражды картиналар бар, ал көп ұзамай көрерменді «Райцентр», «Разрешите обратиться» және т.б. жобалардың премьералары күтеді. Бүгінде Иви отандық жетекші продюсерлермен, режиссерлермен және актерлермен ынтымақтастық орнатқан.

Другие новости

Back to top button