Госорганы

«Жастардың 25 пайызы мамандығы бойынша еңбек етпейді»: депутат білім мен нарық жайлы

Мәжіліс қабылдаған заң жобасының мүмкіндігі жайлы айтты

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Еңбек күніне арналған форумда жастардың алған білімі бойынша жұмыс істеу мәселесін көтерді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Қазір нарыққа жаңа мамандықтар еніп жатыр. Мамандықты қалауымен емес, біреудің ықпалымен таңдап оқып жатады. Сол үшін биыл Мәжіліс «Кәсіби біліктілік жайлы» заң жобасын қабылдады. Бұл еңбек және білім нарығын реттейтін негізгі құжат болып есептеледі. Дамыған елдерде, мысалы, Оңтүстік Кореяда 1960 жылдары,  Еуропада одан ертерек қабылданды», — деді Құспеков.

Оның айтуынша, университет бітіргендердің 25 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемеуі мүмкін.

«Бұл еңбек нарығы мен білім саласының сәйкес еместігін көрсетеді. Кейбір мамандық бойынша қажеттілік жоғалды. Алған білім кәсіби жұмысқа сәйкес келмейді. Жақын арада үлкен демографиялық толқын келе жатыр. Онда жылына 400 мың бала мектеп бітіреді. Олардың барлығы грантқа түсуге таласады. Яғни, бәсекелестік артады. Жыл сайын түлектердің 25 пайызы мамандық бойынша жұмыс істемейді. Қабылданған заң формальды немесе формальды емес алған білімді тіркеуге мүмкіндік береді», — деді Мәжіліс депутаты.

Другие новости

Back to top button