Социум
Жапонияда құс тұмауының өршуіне байланысты 1,5 млн-нан астам тауық жойылады
Жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, жауынгерлер тартылып жатыр
Жапонияның Окаяма және Ибараки префектураларының билігі өз аумағында тіркелген құс тұмауының өршуіне байланысты кем дегенде, 1,5 миллион тауықты жоюға бұйрық берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Окаямада құс тұмауы Курасики қаласындағы фермада 510 мыңға жуық тауықтың қырылуына себеп болып отыр. Жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, індеттің салдарын жоюға Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің жауынгерлері тартылып жатыр.
ТАСС агенттігінің жазуынша, Касумигаура қаласында (Ибараки префектурасы) бірден 1 миллион тауықты сою жоспарланып отыр.
Бұл эпидемия осы маусымда қатарынан үшінші және төртінші рет қайталанып отыр. Қазан айының соңында Хоккайдо және Окаяма префектураларындағы екі рет болған індет салдарынан Курасики қаласында 340 мың тауық жойылды.