Жамбылская область

Жаңатаста жасөспірім көлік ұрлап, жол апатына ұшырады

Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың орталық көшелерінің бірінде түнгі патрульдеу кезінде полицейлердің тоқтату талабын елемей, жасырынбақ болып, жол жиегіне соғылған жүргізушіні байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушы Тараз қаласының кәмелетке толмаған 17 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол мас күйінде бөтеннің көлігін ұрлағаны белгілі болды. Алайда көлік иесі көлігінің ұрланғанын білмеген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі «Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Жасөспірімді Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қызметкерлері облыстық Жастар үйіне алып кетті.

Другие новости

Back to top button