Мангистауская область

Жаңаөзендегі балалар алаңында екі әйел жаға жыртысты

Полиция олармен профилактикалық әңгіме жүргізді

Әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі балалар алаңында екі әйелдің төбелескен видеосы тарады. Жаға жыртысқандардың жеке тұлғалары анықталып, олар полиция басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz-тің жазуынша, полицейдегілер екі әйелмен де профилактикалық әңгіме жүргізген.

Кадрларда екі келіншектің бір-бірін жерге құлатып, ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Маңайдағы ер адамдар екеуін ажыратуға тырысқан.

Жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі екі әйелдің де жеке басы анықталғанын айтты.

«Олар Жаңаөзен полиция басқармасына жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне деген талаптары жоқ және үстілерінен шағым жазған жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Әйелдердің арасындағы кикілжіңнің неден туындағаны белгісіз.

Другие новости

Back to top button