ГлавноеМангистауская область

Жаңаөзенде бір топ жұмыссыз азамат әкімдік ғимаратының алдында жиналып, аштық жариялайтындарын айтты

Жаңаөзенде бір топ азамат жұмыссыздық мәселесімен қалалық әкімшілік ғимаратының маңына жиналып, түнеуге бекіген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада порталына сілтеме жасап.

 

15-ке жуық жұмыссыз тұрғын 3 мамырда әкімдік маңына жиналды. Олардың сұрап, қойған талабы жұмысқа орналастыру.

«Жұмыспен қамту мәселесіне әлі де көмектесе алмағандықтан, біз осы жерде қалып, аштық жариялауды көздеп отырмыз», — деді жиналғандар.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада наразылыққа шыққан жаңаөзендік мұнайшылар қалаға оралып, “Өзенмұнайгаз” кеңсесі алдынан талаптары орындалғанша кетпейтінін мәлімдеген болатын.

Другие новости

Back to top button