Главное

Жаңаөзен маңындағы мұнай ұңғымасында апат болды

Жаңаөзен қаласы маңындағы мұнай ұңғымасында апат болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апат бұрғылау кезінде болды

10 маусымда болған төтенше жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Маңғыстау облысы экология департаментінің мәліметінше теңге ауылынан 500 метр жерде ұңғымадан мұнай сыртқа атқылап, ауаны ластаған.

«Атап айтқанда, төтенше жағдай сағат 8:30 шамасында «Petro НефтеГазсервис» ЖШС-нің № 553 ұңғымасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде болған», — деп жазылған хабарламада.

Қандай шара қабылданды

Сағат 08:40-та мекеме қажетті жұмыстарды бастап, төтенше жағдай оқшауланған.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімі аталған аумақта атмосфералық ауаны аспаппен өлшеу жұмыстарын жүргізді.

Өлшеу нәтижесі мен қабылданған шаралар қосымша хабарланады.

Другие новости

Back to top button