Мангистауская область

Жаңаөзен газ өңдеу зауытын ресейлік компания салады

Жаңаөзен газ өңдеу зауытын ресейлік компания салмақшы. Компания 140,5 млрд теңгелік тендерді жеңіп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nrg_monitor Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Тендерге «НГСК ҚазСтройСервис» Bazis Construction және Қазақ мұнай және газ институтымен, сондай-ақ «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен бірлесіп қатысты. Нәтижесінде тендерді ресейлік «Петон» инжинирингтік холдингі жеңіп алды. Ол – мұнай-газ саласы жобалар нарығындағы көшбасшылардың бірі.

Жаңаөзен ГӨЗ-дің іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған.

Осы жылдың көктемінде ресейлік компания Ақтөбе облысының әкімдігіне Өріктау кен орны бойынша жобалық құны 1 1 млрд теңге газ өңдеу зауытын және полимерлер шығару бойынша мұнай-газ-химия кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаларды таныстырды .

Другие новости

Back to top button