Жамбылская область

Жаңа мешіттің ашылу салтанаты қайғылы оқиғамен аяқталды

Қарағанды-Балқаш тас жолында жан түршігерлік жол апаты болды. Жеңіспен оралған 3 көкпаршы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ZTB хабарлады.

Спортшылар мінген жүк көлігі өзге жүк көлігімен соғысып, 3 адам қаза тапты.

«Қарағанды облысындағы Қарғалы ауылында жаңа мешіт ашылу құрметіне ұйымдастырылған көкпар жарысынан жеңіспен қайтып келе жатқан спортшылар жол апатына ұшырады. Меркі көкпар командасының спортшылары Қарқаралыда өткен республикалық көкпар турнирінен соң жолға шыққан», — делінген ақпаратта.

Екі спортшы реанимацияда жатыр. Споршылармен бірге келе жатқан жылқылардың барлығы өлді.

Другие новости

Back to top button