Выбор редакцииЖамбылская область

Жамбылдық педагог оқушыларға көлігін жуғызып, видеосын ата-аналарға жіберген

Осылайша балаларға тәрбие бермек болған ұстаз соңында тәртіптік жазаға тартылыпты, деп хабарлайды Экспресс К

 

Бұл оқиға Байзақ ауданы Сарыкемер орта мектебінде болған. Мұғалімнің түсірген видеосы әлеуметтік желіде тарап кетіпті. Онда ол бір топ балаға өзінің жеке меншік автокөлігін жудыртып жатыр. Анықталғаны — оқушылар ұстаздарының көлігіне түрлі сурет салуды әдетке айналдырған екен. Соңғысында тіпті ер адамның жыныс мүшесін бейнелеп кеткен. Бұған шамданған мұғалім тентектерді тезге салу мақсатында оларға көлік жуғызып қойыпты.

Бұл бейнежазбаны педагог ата-аналарға өзі жіберген. Болған жағдайды түсіндіріп, болашақта сабақ болсын деген мақсатта. Алайда ол әрекетінің арты шуға айналып, мұғалім қатаң сөгіс алып тыныпты. Мектеп басшылығы болса оқушылар талапшыл ұстаздан осылай кек алған деп санайды. Қазір мұғалім жұмыстан кетуге арыз жазыпты.

Мұғалім білім сапасы үшін жүр. Балалар оның көлігіне бір емес, бірнеше мәрте сурет салған. Соңғысында жағымсыз сурет болғасын, өздері айтыпты «Ағай өзіміз салдық, өзіміз барып жуып берейік» деп,

— дейді мектеп директоры Гүлмира Есентаева.

Өзін-өзі ұстап берген ұстаздың бұл мектепте жұмыс істеп жүргеніне 3 жыл болған екен. Директордың сөзінше, осы педагогтың арқасында оқушылар соңғы кездері математика пәнінен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр екен. Сондықтан, мектеп әкімшілігі одан айырылғысы жоқ.

 

Другие новости

Back to top button