Выбор редакцииЖамбылская область

Жамбылдағы жарылыс: жоғалып кеткен жауынгердің өлімі туралы белгілі болды

Бейресми мәліметтерге қарағанда, оның жарылыс кезінде қаза тапқаны расталған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әзірге бұл жағдай туралы нақты мәлімет болмағанымен, «Оңтүстік» әскери қолбасшылығы жауынгердің қазасы жайлы ақпаратты жоққа шығармады. Белгілісі сол — марқұмның туыстары оны ертең соңғы сапарға шығарып салуға дайындалып жатыр. Алайда, сарбаздың туыстарының телефондары жауап бермейді. Әскерилер нақты мәліметті тек ертең таңертең беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызы кешкісін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімі аумағында орналасқан оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болған еді. Салдарынан 17 адам қаза тапты. Апат кезінде әскери бөлімнің өртке қарсы күрес және құтқару қызметінде еңбек еткен кіші сержант Бауыржан Дәуітбаев жоғалып кетіп, осы уақытқа дейін оның тағдыры жайлы еш хабар болмай келген еді.

Другие новости

Back to top button