Жамбыл облысында жол жөндеушілер жұмысқа шығудан бас тартты
«Хабар 24-тегі» ақпаратқа сай, бұған кейінгі жыл бойы үздіксіз кешіктіріліп келген жалақының төмендігі себеп болған.
Олардың айтуынша, мердігер компания да зейнетақы төлемдері мен міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлемеген.
Күні кеше түнде облыс орталығына 30-ға жуық жұмысшы келіп, өз мәселесін айтты. Көңілі толмаған қызметкерлер жол жөндеуге қажет техниканың жоқтығына да шағымданды.
«ҚазАвтоЖол» түсініктеме беруден бас тартып, жағдай мердігерлердің мәселесі деп қана айтты.
«Мердігер компания өкілдері жалақы мен әлеуметтік төлемдердің кешіктіріліп жатқанын жоққа шығармайды. Бұл елорданың бас кеңсесінде құжаттардың ұзақ тексерілуінен болған деп сендіреді. Жалақыны көтеруге қатысты олар хат жолдады», — делінген хабарламада.
«Жыл бойы зейнетақы, медициналық жарналар түспеді. Бәрін төлеп жатыр деп алдандық. Сақтандыру төленбегендіктен емханаға бара алмаймыз. Жол жөндеуге қалыпты техника жоқ, қолмен жұмыс істеуге тура келеді».Қайрат Байназаров, жұмысшы»Шымкентспецкомплекс» ЖШС директорының орынбасары Мақсат Құрмантайдың айтуынша, алдағы уақытта мұндай жағдай орын алмас үшін барлығы алдын ала бақылауға алынады.
«Наурыз айының басында біз «ҚазАвтоЖолға» жалақыны көтеру мәселесіне қатысты ресми хат жолдағанбыз. Онда жұмысшылардың жалақыны 30% көтеру туралы өтініші көрсетілген. Егер олар ресми жауап беріп, жалақыны көтеруге мүмкіндік болса, біз оны орындаймыз».Мақсат Құрмантай30 наурызда Қарақия ауданының әкімдігі Жетібайдағы жұмыссыздардың ереуіліне жауап берді.