Выбор редакцииСпорт

Жамбыл облысында футболдан Halyk Open Cup турнирі өтеді

2024 жылдың 22-23 маусымында Жамбыл ауданы Қордай ауылында облыстың ауылдық командаларының қатысуымен футболдан «Halyk Open Cup» балалар облыстық турнирі өтеді. Турнирге облыстың барлық дерлік аудандарынан 16 команда қатысады. Қатысушылардың жасы 11 жас.

Турнирдің бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры.

«Ауылдық балалар командалары арасында жарыс тәжірибесінің жоқтығын көріп отырмыз. Елімізде көптеген турнирлер ақылы негізде өткізіледі, яғни командалар кіру жарнасын төлеуге міндетті. Бірақ ауыл балалары мен олардың ата-аналары үшін бұл қиын. Ал біздің турнирлер Бас демеушіміз «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл балаларына бір ауданнан ғана емес, облыстың басқа аудандарынан келген құрдастарымен бірге ойнауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, #АуылФутбол жобасына қатысушыларға бас демеушіміз турнир өтетін жерге бару үшін қаржылай өтемақы берді. Сондықтан, осындай қолдау көрсеткен «Халық» қорына алғысымыз шексіз», — дейді #Ауылфутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

Сондай-ақ Қордай ауданының әкімдігіне жобамызды жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз.

Турнир екі күнге созылады. 16 қатысушы 4 топқа бөлінген, алдағы уақытта 2 үздік команда кубоктар мен медальдар, сондай-ақ Halyk Open Cup чемпионы атағы үшін күресті жалғастырады.

Бұл турнир «Halyk Open Cup» облыстық турнирлер сериясындағы үшінші турнир. Біріншісі Алматы облысында, екіншісі 10-11 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында өтеді. Сондай-ақ маусым айының соңында Түркістан облысында  турнир жалғасы табады

.

Другие новости

Back to top button