Жамбылская область

Жамбыл облысында борышын өтеген Бекбол Мираштың өліміне қатысты сот үкім шығарды

Сот сарбаздың өліміне қатысты күдікті деп танылған командирі Айбек Нұртаевқа қатысты үкім шығарды. 

Сот үкімімен Нұртаев «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша ақталып шықты. Дегенмен Қылмыстық кодекстің «Лауазымын асыра пайдалану» және «Бопсалау» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бірақ 18 жастағы сарбаздың денесіне өзге сарбаздардың биоматериалы қалай келгені белгісіз болып қалды.

Еске салайық, Бекбол Мираштың өзіне қол салғаны 2022 жылдың тамызында белгілі болған еді. Ал сот-медициналық сараптамалар нәтижесінде марқұмның ауыз қуысы мен киімінде ер адамдардың биоматериалы болғаны анықталған.

Другие новости

Back to top button