Жамбылская область
Жамбыл облысында аудан әкімдігі инвесторға жер бермей қойған
Жамбыл ауданында 100 жұмыс орнын ашумен 14,5 миллиард теңгеге «Гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы» ірі жобасын іске асыруды бастаған «КнауфГипсТараз» ЖШС неміс-қазақстандық өндірушісі әкімдік тарапынан жер учаскесін алу проблемасына тап болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі инвесторға зауыт салу және теміржолға қызмет көрсету үшін қосымша 20 гектар жер беруден заңсыз бас тартқан.
Жамбыл ауданы прокуратурасының енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша жер алу мәселесі оң шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды, — делінген хабарламада.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Еске салсақ, бұған дейін Шымкент әкімдігі заң бұза отырып бір жыл бойы инвесторға жер учаскесін беруге келісім бермегенін жазған болатынбыз.