Жамбылская область

Жамбыл облысында 6 мыңға жуық адамның пәтер кезегінде заңсыз тұрғаны анықталды

Оның ішінде 257 қайтыс болған адамның есімі бар

Жамбыл облысында өмірден озған 257 адамның аты-жөні тұрғын үй кезегінде жазулы тұрған. Кейбірі тіпті 12 жыл бұрын бақилық болыпты, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент мамандары облыс бойынша алты мыңға жуық адамның пәтер кезегінде заңсыз тұрғанын анықтады. Олардың 3415-нің баспанасы бар болып шықты, ал 2 мыңға жуығы мұқтаж ретінде есепке алынғаннан кейін некеге тұрған. Ал 17 азамат шетелде өмір сүреді. 81 адам Жамбыл облысында тіркелмеген. Қазіргі уақытта пәтер кезегін сараптау жалғасып жатыр. Жалпы облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 37 мыңнан аса адам бар.

«Яғни заңнамалық талаптарға сәйкес, оларды кезектен шығару керек болатын. Және де бұл жұмысты тұрғын үй қатынастары бөлімі жасау керек. Алайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл жұмыс жүргізілмегендіктен біз мониторинг нәтижелерін Тараз қаласы мен аудандық әкімдіктерге жолдап, қазіргі таңда 1075 азамат кезектен шығарылды. Алдағы уақытта қалған 4650 азаматқа қатысты заң талаптары бойынша кезектен шығару үшін тиісті жұмыстар атқарылатын болады», — деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Айбек Әжібаев.

Другие новости

Back to top button