Атырауская область
Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келе жатыр
Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 26 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніне өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен су деңгейі көтерілді.
«Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 613 см., деңгейдің +9 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 390 см құрайды. Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 728 см., тәулігіне + 7 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 411 см құрайды. Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 428см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 237 см құрайды», — деп жазылған хабарламада.
Мамандардың айтуынша, су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.