Госорганы

Жаһандық логистикалық бағытта көлік-транзит әлеуетін дамыту керек – Тоқаев

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр

Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде кеңестің жұмысын одан әрі ілгерілету бойынша күш-жігерді арттыруға ниетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүше мемлекеттердің қолдауының арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткенін айтты.

Президент Тоқаев былтыр кеңестің күн тәртібіне жаңа бағыттар енгізілгенін атап өтті.

«Өткен жылы АӨСШК сенім шараларының каталогы қайта қаралды, оған эпидемиологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және фармацевтика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі сияқты ынтымақтастықтың жаңа басым бағыттары енгізілді. Біз АӨСШК жанынан даналар кеңесін құрдық, оның құрамына тәжірибесі мен білімі біздің бірлескен күш-жігерімізді жүзеге асыруға ықпал ететін көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері кіреді», — деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президенттің айтуынша, кеңесте бақылаушылар мен серіктестердің саны артып келеді. АӨСШК бақылаушысы ретінде Түрікменстан қосылды. Еуразиялық экономикалық одақпен және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ынтымақтастық орнату туралы шешімдер қабылданды.

«Қазақстанның алдағы екіжылдық төрағалығы кезінде өзіне маңызды міндеттер алды және біз Кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артамыз. Өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары – экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы. Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға мән беру маңызды», — деп нақтылады Қазақстан Презиенті.

 

Другие новости

Back to top button