Госорганы

Жағдайы төмен жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасын әкімдіктер төлейді — қазір тиісті заң қаралып жатыр

Қазақстанда ресми тіркелген жұмыссыздар мен халықтың осал топтағы азаматтары үшін МӘМС жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлеу жоспарланып отыр. Мұндай норма міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері туралы заң жобасында қаралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, әкімдіктердің жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге тікелей жауапкершілігін ескере отырып, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеу шығындарын жергілікті бюджеттерге жүктеу көзделген.

«Осылайша заң жобасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен халықтың осал топтағы азаматтары үшін МӘМС жарналарын төлеу қарастырылып отыр. Осы шаралардың есебінен 2026 жылы МӘМС жүйесіменқосымша бір миллионнан астам адам қамтылады. Жарналардың түсуіне қарамастан қордың тарапынан Д және Е санатындағы тұлғаларға ай сайын сақтандыру мәртебесін беріледі. Әкімдіктер жарналарды осы адамдардың медициналық көмекке жүгінген сәтінен бастап және жыл аяғына дейін төлейді», — дейді Әлназарова Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр осы санаттағы тұлғаларды анықтау, сақтандырылған мәртебесін беру және сақтандыру жарналарын төлеу механизмі пысықталғанын атап өтті.

Осы санаттарға арналған МӘМС жарнасының мөлшерлемесін анықтау үшін өңірлік орташа айлық жалақыны қолданылмақ.

«Өңірлерде орташа айлық жалақы әртүрлі. Мысалы, 2023 жылы Атырау облысы бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 557 теңгені құраса, Солтүстік Қазақстан облысында 237 теңге болды. Бірыңғай республикалық орташа айлық жалақы мөлшерін қолдану нақты көріністің бұрмалануына әкеледі деп есептейміз. Яғни жалақысы төмен өңірлерде бұл жергілікті бюджеттердің артық міндеттемелеріне, ал экономикасы күшті өңірлерде төмен жүктемеге әкелуі мүмкін. Бұл қаржылық жүктемені бөлудің әділеттілік пен тепе-теңдік қағидаттарын бұзады. Осыған байланысты өңірлік орташа айлық жалақыны пайдалану нақты өмір сүру жағдайларын және нақты салалардағы халықтың табыс деңгейін дәлірек ескеруге мүмкіндік береді деп отырмыз», — деп түсіндірді Әлназарова.

Другие новости

Back to top button