Социум

Іздеушісі жоқ адамдар қайтыс болғанда қайда жерленеді?

Алматыда бір жылдың ішінде іздеушісі жоқ 330 адам көз жұмған

Былтыр Алматыда 330 аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамдар қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олардың бәрі Боралдайдағы «Батыс» зиратына жерленген.

Зиратқа көмілген марқұм кісілердің кім екенін ажырату мүмкін емес. Тек маңдайшасындағы темірдегі сан арқылы ғана олардың кім және неден қайтыс болағанын анықтауға болады. Барлық деректер медициналық сараптама жасаған мәйітханада сақталады.

«Аты-жөні белгісіз денелер ағаш табыттарда жеке қабірлерге көміледі, ағаш баған және металл нөмір орнатылады, яғни қабір нөмірі беріледі.

Қайтыс болған адамның барлық деректері медициналық мекемелерден түскен мәліметтерге сәйкес, қайтыс болғандарды тіркеу кітабына жазылады. Зират әкімшілігіне қайтыс болған адамның туыстары жиі жүгініп, көз жұмған адамның жерленген жерін табуды сұрайды”, — деп мәлімдеді «Алматы қаласының салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШС.

Айта кетейік, бұл компания өткен жылы салттық қызмет көрсету бойынша конурсты жеңіп алған.

«Мүрделерді жерлеуге және биологиялық қалдықтарды көмуге жергілікті бюджеттен 2021-2022 жылдары 17 400 000 теңге бөлінді. Аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамдардың жерлеу және тасымалдау қызметтерінің құны 45 873 теңгені құрайды»-деді мәлімдеді «Алматы қаласының салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШС.

Айта кетейік, «Батыс» зиратында әртүрлі дін өкілдерінің мүрдесі араласып жатыр.

 

 

 

Фейсбук парақшамызға кіріп, пікір қалдырыңыз, сынаңыз, ұсыныңыз

Біздің телеграм каналымызға жазылыңыз және жаңалықтарды қадағалаңыз

Другие новости

Back to top button