IT-қызметтердің экспорты 115,26 млн долларды құрады – Ерманов
Бұл - биылғы 1-тоқсандағы қол жеткізілген нәтиже

«IT саласын дамыту мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жоғары сапалы экожүйені, визалық және салықтық преференциялар түріндегі қолайлы жағдайларды құру, экспортты ынталандыру, венчурлік инвестицияларды дамыту, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ірі бизнесті қолдау әрекеттерін жасап жатыр», — деді Ерманов.
Оның айтуынша, министрлік IT-мамандарды оқыту мақсатында өзекті жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.
«Олар: қазіргі заманғы бағдарламалау мектептерін ашу, IT бағдарламалау мектептеріне ваучерлер бөлу, бейінді университеттердің өңірлік университеттерге қамқорлығы. Министрліктің көмегімен 2021 жылдан бастап 36 IT-мектеп ашылды. Талантты IT-кадрларды даярлау мақсатында министрлік 2021 жылдан бастап «Tech Orda» бағдарламасын іске қосты, осы бағдарламаның операторы Astana Hub болып табылады. 2021 жылы «Tech Orda» бағдарламасы пилоттық режимде іске қосылып, 100 қазақстандыққа 13 жетекші IT-мектепте оқуға квота берді», — дейді маман.
Ол атағандай, 2022 жылы «Tech Orda» бағдарламасына қатысушылардың саны 49 IT-мектеп пен 2 IT-компанияны құрады, 3 068 білім беру гранты берілді.
«Биыл республикалық бюджеттен бөлінген қаражат аясында кемінде 3000 мың грант беру жоспарлануда. Биылғы 12 маусым мен 2 шілде аралығында іске қосылған Tech Orda 2023 бағдарламасы аясында IT-мектептерден өтінімдерді қабылдау процесі өтті. Аккредиттеу үдерісі аясында 2023 жылғы ағым бойынша IT-мектептерден 102 өтінім алынды. Тәуелсіз комиссия аккредиттеуден 82 IT-мектеп өтті, оның 22-сі жаңа. 34 мектеп (41%) Қазақстан Республикасының өңірлерінде орналасқан. (анықтама: Астана (29), Алматы (19), Ақтау (1), Ақтөбе (2), Атырау (3), Қарағанды (6), Қызылорда (1), Павлодар (3), Семей (2), Орал (1), Шымкент (8), Тараз (2), Көкшетау (2), Түркістан (1), Талдықорған (1), Қаскелең (1)). 3 тоқсанда мектептер бөлінген квоталар шеңберінде студенттерді іріктеуді өткізеді», — деді ол.
Осылайша, 2023 жылдың нәтижелері бойынша қорытынды:
- 2971 квота;
- 226 аккредиттелген білім беру курстары;
- IT-мектептерден 102 өтінім
- 82 аккредиттелген мектеп.
«Сондай-ақ, министрліктің көмегімен биылғы 31 қаңтарда Қазақстанда спорттық бағдарламалау федерациясы құрылды, оның негізгі мақсаттары спорттық бағдарламалауды насихаттау және дамыту, сондай-ақ оқыту, жарыстар және белсенді қоғамдастық құру арқылы олимпиадаларға қатысушылардың нәтижелерін жақсарту болып табылады. Федерация өз қызметі аясында биыл 6-7 тамызда Астана қаласында Astana IT University ғимаратында спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан чемпионатын өткізді», — деді ол.
Ерсұлтан Ерманов атағандай, отандық цифрлық шешімдердің шетелге экспорты көлемін ұлғайту аясында IT-қызметтердің экспорты 2023 жылдың 1 тоқсанында – 115,26 млн АҚШ долларын құрады.
«Негізінен компаниялар келесі елдерге экспорттайды: Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Кипр, Нидерланды, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Германия, Испания, Ирландия және Канада», — деді ол.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында IT, цифрландыру саласына ерекше тоқталған болатын.