Главное
Испанияда футбол уақытында жанкүйерлерді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Испанияның примера дивизионында «Барселона» мен «Эспаньол» арасындағы матчтың алдында күтпеген оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеңіл автокөлік жүргізушісі жанкүйерлер шоғырланған жерге кіріп, адамдарды қағып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, көлікті шамамен 45-55 жас аралығындағы әйел басқарған. Алдымен ол бір қызды абайсызда қағып кетіп, бұл әрекет айналасындағылардың наразылығын тудырған. Қатты қобалжыған жүргізуші көліктің газын басып, топ ішіне қарай жүріп кеткен. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті.
Каталонияның жедел медициналық қызметі (SEM) таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 13 адам әртүрлі жарақат алған. Алдын ала тергеу қорытындысы бойынша, жүргізушінің бұл әрекетінде қасақана ниет болмағаны анықталған. Әйелді полиция ұстап, оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.