«Ішіп алған ба?» Бет-аузын қисаңдатып ән айтқан ГауҺар Әлімбекова сөзге қалды

Танымал әнші ГауҺар Әлімбекова тағы да ел аузында. Бұл жолы ол көлікте түр-әлпетін қисаңдатып ән айтамын деп сынға қалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Көлікте көңіл көтеріп отырған әнші видеосын өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда ГауҺар Әлімбекова «Қыз сезімі» деген әнін шырқап жатыр. Түрін мың құбылтқан ол оқырмандарынан өзін қатты сынамауға шақырған.
Сынамаңыздар, жәй көңіл-күй көтеріңкі болуы үшін ғой. Екі-үш күн бұрын Қаскелеңге тойға бара жатып көлікте зерігіп отырғанша деп, түсе салғанбыз. Әзілге өте жақын жанмын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көңіл көтеріңкі болсын,
Ал желі қолданушыларының бірі әншіні ішіп алған десе, енді бірі көпшілікке позитив сыйлағаны үшін рахмет айтқан.
«Тамаша, Гауһарым! Жарасып тұр қимылың. Әніңе сай. Осылай арасында көңіл көтерген жақсы ғой», «Сізді қатал шығар деп ойлайтынмын. Көңілді екен жүрген жеріңіз. Алла, лайым, жақсылық берсін», «ГауҺар, шырқай бер, сенің қылығыңды ерсі көрмейміз ғой, өйткені сөкет ештеңе өзің де жасамайсың», «Жасыңа тура келмейді екен» деп жазды желі қолданушылары.