Алматы

Іс-түссіз жоғалып кеткен кеңес боксшысы Серік Нұрқазов Алматыдан табылды

Қазақтың атақты боксшысы, бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов Алматыдан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін анықтау үшін арнайы іздестіру тобы құрылғаны атап өтілді.

Айта кетейік, Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды ​​облысында дүниеге келген, ол:

  • Бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері;
  • 1983 жылы Римде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
  • 1981 жылы Тампереде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
  • 1983 жылғы Варнадағы Еуропа чемпионы;
  • КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қазақстандық спортшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған едік. Айтуларынша, ер адам 14 желтоқсан күні үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Үстінде сұр қалпақ, капюшоны бар көк күрте, ақ водолазка, қара джинсы шалбар, шашы ақ және сақалды.

Другие новости

Back to top button