Госорганы

Ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмысы цифрландырылады

Сауда және интеграция министрлігі елдегі ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмысын цифрландырмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл туралы ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде бірінші вице-министр Арман Шаққалиев мәлім етті.

 

«Біз сауда инфрақұрылымын құрып, оған өндірушілер қол жеткізу үшін маңызды талаптарды енгіздік. Ең төменгі көтерме бағаны белгілеу арқылы бағаны тұрақтандыру тетіктері мен баға демпингіне тосқауыл қою көзделген. Реттелетін сауда қызметі саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекет тарапынан бақылау тетігін жүргізудің нақты алгоритмі жазылған. Ауданы 2 мың шаршы метрден асатын базарлар мен ірі сауда объектілерін цифрландыру арқылы ақпараттық жүйе құру көзделген»,- деді ол.

 

Оның айтуынша, аталған заңды іске асыру үшін 8 нормативтік-құқықтық актінің жобасы әзірленген.

 

Другие новости

Back to top button