Госорганы

«Ірі елді мекендерде жастардың денсаулық орталықтары бар»: Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығы туралы

Президент елімізде барлық баланы профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ісі жолға қойылғанын атап өтті

Мемлекет басшысы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияның пленарлық отырысында конференция қатысушыларына ілтипат білдіріп, мәртебелі меймандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осыдан 45 жыл бұрын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің әлеуметтік тұрғыда әділетті моделіне негіз болған Алматы декларациясы қабылданды. Бұл декларация әлемдік денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясына айналып, көптеген елдің халық денсаулығын жақсарту үшін шара қабылдауына, оны адамның іргелі құқығы ретінде мойындауына түрткі болды», — деді өз сөзінде Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елімізде барлық баланы профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ісі жолға қойылғанын атап өтті.

«Әрбір ірі елді мекенде жастардың денсаулық орталықтары жұмыс істейді деуге болады. Ауыл тұрғындарының медициналық қызмет алуына бірдей мүмкіндік жасау үшін біз бірқатар реформа жүргіздік», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жастармен кездескен сайын спортпен шұғылданудың маңыздылығы туралы айтатынын еске салып, оларды еңбекқор және мақсаттарына адал болуға шақырды

 

Другие новости

Back to top button