Социум

Иранда қыздардың орамал кигенін қадағалайтын «ақылды камералар» орнатылды

Иран билігі әдеп полициясының оралғанын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Iran International сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Иранның әдеп полиция бөлімшелері 16 шілдеден бастап діни нормалар мен қоғамдық әдептің сақталуын қадағалауға арналған елдің жаяу және автомобильдік патрульдерін қайта бастады.

Соңғы айларда Ирандағы көптеген әйелдер орамал тағу талабын наразылық ретінде орындамай жүр.

Сәуір айының басында Иран полициясы орамал тақпаған әйелдерді анықтау үшін қоғамдық орындарға «ақылды камералар» орната бастаған. Орамал тақпай жүргендерге ескерту жасайтын хабарламалар келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың күзінде Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін 22 жастағы күрд қызы Махсы Амини ұсталып, кейін көз жұмған. Халық осыдан кейін елдің саяси және діни басшылығына қарсы жаппай наразылық акцияларына шығып, содан кейін әдеп полициясының бөлімшелері жоғалып кетті.

Другие новости

Back to top button