Западно-Казахстанская область

Инспекторды атқан аңшыға қатысты сот үкімі шығарылды

Тергеу материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Серқалиев мылтықты қайта оқтау кезінде абайсызда шүріппені басып қалды

Батыс Қазақстан облысында аңшылық инспекциясының қызметкерін өлтіру фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

2021 жылы 14 желтоқсанда Теректі ауданындағы Ақжайық ауылынан 15 шақырым шалғай жерде аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовты атып тастаған. Сол күні бастығы инспектордың рейдте жүріп қаза тапқанын мәлімдеді.

Алайда полиция Серік Мәженовтың тағы екі адаммен Бұдары қорығына аң аулауға барғанын анықтады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Серқалиев мылтықты қайта оқтау кезінде абайсызда шүріппені басып қалды. Оқ инспектордың кеудесіне тиген. Серік Мәженов сол жерде көз жұмды.

Күдікті Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бабы бойынша жауапқа тартылды. Ал марқұмның туған-туыстары моральдық шығын ретінде 200 миллион теңгені талап етті. Бірақ артынан одан бас тартты.

Сотта прокурор бір жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ жәбірленуші тарап барынша қатаң жазаны – үш жыл беруді талап етті.

Сот үкімімен Серқалиев бір жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жеңіл мекемеде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Другие новости

Back to top button