Алматинская областьГлавное

Інісін жерлегеннен кейін полиция Шерзат Полаттың әкесін ұстап әкеткен

Алматы облысының полиция департаменті Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Азат ауылында інісін жерлеген соң қолға түскенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың өміріне қауіп төндірген оқиға орын алды. Азамат Қаржаубай Нұрымов прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді», — деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Дереккөзге сүйенсек, Қаржаубай Нұрымовтың туыстары мен адвокаттары полиция қызметкерлеріне оны қолға түсіріңдер деп өзі айтқан.

«Азамат Нұрымовты полиция қолға түсірді. Қазір ол полиция бөлімінде, жанында психологтар бар. Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз және жалған мәліметтерді тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз», — дейді олар.

Еске салсақ, кеше, 9 желтоқсан күні Қаржаубайдың інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі Талғар маңынан табылған еді. 

Другие новости

Back to top button