Туркестанская область

Имам балаға аяғын уқалатқан: Түркістан облысы білім басқармасы түсініктеме берді

Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАСҚАРМА ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Видеоға қатысты жағдайды анықтауға Түркістан облысы білім басқармасы бірден тиісті жұмыстар жүргізген.

— Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінде таң намазынан кейін студенттерге айтқан уағыз-насихат барысында медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың аяғына жаттығу жасап отырған шәкірттері емес, өз немерелері мен жиені екені белгілі болды. Өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін жаттығу жасап беріп, ілтипат білдіретіні белгілі болды, дейді басқарма өкілдері Ұлысмедиаға берген жауабында.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Күні кеше Түркістан облысындағы Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың әрекеті әлеуметтік желідегі жұртшылықтың ашуына тиген болатын.

Журналист Ораз Әлімбек Facebook-парақшасында медресенің бас ұстазының ерсі қылығы туралы жазған. Видеода бас ұстаз аяғын балаларға уқалатып қойған.

— Мынау Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінің шәкірттері. Оларға медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Сманов бұтын уақалатып қойыпты. Сонда оқу-ағарту министрлігі медресе шәкірттеріне Смановтың бұтын уқаласын деп бюджеттен жүздеген миллиондап ақша бөле ме?! Мынау Смановқа тоқтау болмаса, ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады ғой ақыл тоқтатпаған балаларға, дейді ол.

ТУЫСТАРЫ НЕ ДЕДІ

Артынша имамның туыстары бұл жағдайға араша түсті. Бас ұстаздың туыстары да оның аяғын уқалаған оқушылар емес, өз немерелері екенін айтты.

Другие новости

Back to top button