Алматинская областьГлавное

Іле ауданында жоғарғы сынып оқушысы ұлдарды тізіп қойып, аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылының мектебінде 9-сынып оқушысы оншақты баланы тізіп қойып, аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кетіп, резонанс тудырып жатыр. Біз облыстық полиция департаментінен комментарий сұраттық.

Ал желідегі видеоның астына пікір қалдырған білім басқармасының өкілі қазір осы факт бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

«Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізеді. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықтары қорғалады. Тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат береміз», — деп жазған білім басқармасының баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button