Социум

Йеменде қаржылай көмек тарату кезінде 80-ге жуық адам қаза тапты

300-ге жуық адам жарақат алды

Йемен астанасы Санада мұқтаж жандарға қаржылай көмек тарату кезінде адамдар бірін-бірі таптап, соның салдарынан 80-ге жуық адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

РИА Новости жазуынша, қайғылы оқиға Йемен астанасының орталығында болған.

Кәсіпкерлердің мұқтаж жандарға ақша таратуы Санада бірінші рет болып тұрған жоқ, алайда қаржылай көмек тарату орталығында адамдардың жаппай жиналуы алғаш рет адам өліміне әкеп соққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірін-бірі таптау салдарынан 80-ге жуық адам қаза тауып, 300-ге жуық адам жарақат алған. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Оқиғаның себептері мен мән-жайына қатысты тергеу басталды.

Другие новости

Back to top button