Спорт

ХоумКредит банкі ауыл балаларына сыйлық береді

#АуылФутбол жобасының ауылдық балалар футбол командаларына көмек көрсету бағдарламасына жетекші қазақстандық банктердің бірі – HomeCredit Bank қолдау көрсетті. Бұл туралы «Арман ауыл» қоры хабарлайды.

Қыркүйек-қараша айларында Қазақстанның әр ауылынан келген 16 балалар футбол клубына сыйлықтар – 10 доп пен 10 ойын формасының жиынтығы беріледі. Бұл акция #АуылФутбол жобасы аясында өтіп жатыр.

Жоба жетекшісі Серік Мәмбетовтің айтуынша, қолдау алғысы келетіндерге қойылатын талаптар бар.

«Біріншіден, команда ауыл балаларынан құрылуы керек. Аудан орталығы және әсіресе қала командалары кірмейді  . Екіншіден, командада 10 жастан асқан кем дегенде 10 бала болуы керек. Ал үшіншісі – әлеуметтік желілерде клубтың ресми парақшасының болуы. Және, ең соңында, бұл клуб Жастар спорт мектебінің атынан шықпауы керек, өйткені оларды мемлекет қаржыландырады», — деді С.Мәмбетов.

Айта кетейік, дәл өткен сенбіде #FootballFest фестивалі өтіп, оған HomeCredit Bank  қолдау көрсеткен болатын.

Анықтама

#АуылФутбол жобасы 2020 жылдың қаңтарында іске қосылды. Жобаның мақсаты – ауыл балалары футболын дамытуға ықпал ету. Жұмыс барысында 70-ке жуық команда қолдау алды – доптар, құрал-жабдықтар, формалар және т.б.

Сонымен қатар, 30-дан астам турнир, оның ішінде 5 республикалық деңгейдегі турнир өткізілді.

Другие новости

Back to top button