Социум

Харьков тұрғыны зымыранның бөлшегін ауласына әкеліп қойған: ол жарылып, үш адам қаза тапты

Оқиға Федоровка ауылында жеке үй аумағында болды

Харьков облысы Лозовский ауданы Федоровка ауылында жеке үй аумағындағы жарылыс салдарынан үш адамнан тұратын отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

«Алдын ала анықталғандай, ер адам ауыл маңындағы алқаптан С-300 зымыранының жарылмаған сынығын тауып алған. Ол оны тұрғылықты жеріндегі аулаға әкелген, зымыран сол жерде жарылған», — делінген хабарламада.

Жарылыс құрбандары – 47 жастағы ер адам, оның 35 жастағы әйелі және 4 жасар қызы.

Оқиға туралы ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне «апат» деген белгімен енгізілді.

 

Другие новости

Back to top button