Культура

«Ханшайымды алсаң осы»: Жазира Байырбекованы арқалаған Жанболат көпті сүйсінтті

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира әлеуметтік желідегі парақшасына қызық видео жүктеді. Жанболат Ербатыров арықтан өте алмай тұрған жұбайын арқалап алып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

“Қазыбек би көшесінде жол қазылып, құбырлар ауыстырылып жатыр екен. Турасынан өтуге тура келді”, – деп жазды Жанболат Ербатыров.

Жұлдызды жұптың бейнежазбасы желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Ерлі-зайыптының бір-біріне деген сыйластығы мен махаббатына көпшілік қызыға қарап, түрлі пікір қалдырды.

“Еркек деген әйелін қалқалаған. Жанболаттай Жазирасын арқалаған”, “Қандай керемет”, “Өте жарасып тұр. Еш сөкеттігі жоқ. Арқаласа өзінің күйеуі”, “Ханшайымды алсаң осы”, “Шынайы махаббат. Сыйластықтарыңыз мәңгілік болсын”, – деп жазды желідегілер.

Алайда өнер иесін “күйеуінің арқасына мініп алғанын көпке жария етті” деп сөккендер де бар.

“Не деген ұят көрніс, Жазира слақтап мініп алып ұялмайсың ба?”, “Көйлек жыртылып кетер ме екен деп қорқып отырдым”, “Аман-есен алып өтсе екен деп отырдым”, – деген пікірлерде жоқ емес.

 

Другие новости

Back to top button