Халықтың IQ деңгейі бойынша әлем рейтиңі жасалды: Қазақстан нешінші орында
Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан азаматтарының IQ деңгейі жақсы жаққа — +0,01 балға өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«IQ халықаралық тізілімі» порталы 2024 жылы бірыңғай тесттен өту нәтижелерін жариялады. Порталда әлемдік орташа деңгей үшін 100 бал қабылданатыны айтылған. Тест еркін қолжетімді әрі одан кез келген адам өте алады.
НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ
2024 жылы сынақтан өткен қазақстандықтар 127 ел арасында 66-шы орынды көрсетті. 97,27 балдың орташа нәтижесіне жетті. Бұл 2023 жылғы 0,01 деңгейге жақсырақ.
Бірінші орында Қытай тұр. Ол елде нәтижелер орташа деңгейден жоғары — 107,43 бал.
Бұл рейтиңді объективті деп айту қиын, өйткені көп нәрсе елдің қанша азаматы тест туралы біліп қана қоймай, одан өтетініне байланысты. Мысалы, 2024 жылы Қазақстанда 5 732 адам тест тапсырса, 2023 жылы 6 329 азамат тест тапсырған. Мысалы, Ресей 103,31 бал жинап, 6-шя орынға ие болды. 2024 жылы 20 мыңға жуық адам тесттен өтті. Ал 2023 жылы 90 мыңнан астам адам тапсырған. Нәтижесінде өсім шамамен 2,5 балды құрады.
Екінші жағынан, портал нәтижелер шындыққа жақын деп сендіреді. Біріншіден, тест барлығына бірдей, екіншіден, тестіленушілер санының күрт өзгергеніне қарамастан, қорытынды бұрынғыдан іс жүзінде қатты алшақ емес.
ОРТАША IQ-ГЕ ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАР ӘСЕР ЕТЕДІ
Порталдың пікірінше төрт негізгі фактор бар:
- Жұқпалы аурулар: 2010 жылғы зерттеу жұқпалы аурулардың деңгейі жоғары елдерде IQ деңгейі төмен популяциялар бар екенін көрсетті. Бұл аурулар когнитивті дамуға теріс әсер етуі мүмкін.
- Тамақтану әдеттері: 2025 жылғы зерттеу жақсы тамақтану әдеттері бар балалардың IQ деңгейі басқа балаларға қарағанда жоғары екенін көрсетті. Сондықтан азық-түлік кедейлігі төмен елдер орташа IQ деңгейіне ие.
- Интеллектуалды белсенділік: 2022 жылғы зерттеу тұрақты түрде шахмат ойнайтян балалардың IQ деңгейін жоғарылатуы мүмкін екенін анықтады. 1962 жылғы тағы бір зерттеу көрсеткендей, екі тілді балалар тек бір тілде сөйлейтін балаларға қарағанда интеллект тесттерінде жоғары бал алады. Осылайша, ел мәдениетіндегі тұрақты интеллектуалды ынталандырушы сабақтар орташа IQ деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.
- Генетика: 2013 жылы мыңнан астам егіздерге жүргізілген зерттеу IQ кем дегенде 50% генетикаға байланысты екенін көрсетті.
Яғни, салауатты тамақтану әдеттеріне ықпал ететін және өз азаматтарын интеллектуалды ынталандырушы қызметке шақыратын денсаулық сақтау жүйесі жақсы елдерде орташа IQ деңгейі жоғары болады.