Госорганы

Халықтың банктегі депозиттері екі есеге өсті – Қизатов

2023 жылғы 10 айда банктер 1,8 трлн теңге мөлшерінде пайда алған

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Ортлақы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте екінші деңгейдегі банктердің негізгі көрсеткіштері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Олжас Қизатовтың сөзінше, банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк, оның ішінде шетелдің қатысуымен 11 банк, мемлекеттің 100% қатысуымен 2 банк бар.

«2023 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша банктердің активтері 8,6%-ға ұлғайып, 48,4 трлн теңгеге жетті. Банк жүйесіндегі клиенттердің салымдары 4,8%-ға өсіп, 33,1 трлн теңгені құрады. Халық пен бизнес депозиттерінің тұрақты өскенін атап өткен жөн. Олар 5 жыл ішінде 2 есе өсті. Жыл басынан бастап ұлғаю 4,8%-ды құрайды, бұл банк жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін растап отыр. Депозиттік базаны долларландыру деңгейі жыл басынан бері 36,7%-дан 29,5%-ға дейін төмендеді», — дейді агенттік өкілі.

Қизатовтың берген мәліметінше, банк секторының меншікті капиталы 6,4 трлн теңге, ол бөлінбеген пайданы ұлғайту есебінен жыл басынан бері 22,7%-ға ұлғайды.

«2023 жылғы 10 айда банктер 1,8 трлн теңге мөлшерінде пайда алды, бұл 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 53,7%-ға көп. Ол көп жағдайда банктердің пайыздық кірістерінің ұлғаюына байланысты болды», — деп айтты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары брифингте.


.

Другие новости

Back to top button