Нур-Султан

Халықты Бишімбаев сияқты «элитаның паразиттерінен» құтқарасыздар – адвокат алқабилер мен сотқа қарата сөз айтты

Бишімбаев Салтанатты 9 қараша да ғана өлтірген жоқ, ол сот залында тұрып, біздің көзімізше, әлемнің көзінше тағы бір рет өлтірді. Бұл туралы адвокат Игорь Вранчев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Ол Бишімбаевты нарцист әрі садист деп атады.

«Танымал, жақсы отбасынан шыққан, елдің билігіне араласқан адамда осындай садистік мінез-құлық қалай қалыптасты? Оның мінезі 8, 9 қарашада өзгеріп кете салған жоқ, ол солай тәрбие алды, солай өсті. Онымен жұмыс істеген адамдардың сөздері де дәлел. Алысқа бармай-ақ интернетке бір көз жүгіртсеңіз, оның адам ретінде қандай екені қызу айтылып жатыр», — деді Вранчев.

Адвокат Бишімбаев сияқтыларды 30 жылғы жүгенсіз кеткен жүйе тәрбиелеп өсірді деді.

«Қазір Қазақстанның әрбір азаматының тағдыры сіздердің қолдарыңызда тұр. Бишімбаевты бірауыздан кінәлі деп тауып, оған екінші рет бостандыққа шығуға мүмкіндік бермесеңіздер, біздің халқымызды «элитадағы паразиттерден» құтқарасыздар. Тәуелсіздік алғалы 30 жыл болса да, осындайлардың кесірінен алға жылжымай отырмыз. Қарапайым халық кедейшілікте, өз проблемасымен өмір сүріп жатқанда, қоғамда қалыптасқан «паразиттер бөлігі» министр, ірі бизнесмен болып алды. Әлі де солай келе жатыр. Соның біреуін түрмеге отырғызу – осы процесті көріп отырған басқа бишімбаевтарға үлкен сабақ болады. Олар Бишімбаев жазадан құтыла ма, әлде тұтыла ма деп күтіп отыр. Егер ол бостандыққа шықса, онда басқалар бәз-баяғы 30 жылғы тірлігін жалғастыра береді. Олар өздеріне жаза жоғын түсініп, ойына келгенін істеп жүре береді», — деді адвокат.

Другие новости

Back to top button