Нур-Султан

Президент күзетіне ұсталып қалмау үшін Нүкенованың денесін алып шыға алмай қалды – адвокат

Сот залында сөз алған адвокат Игорь Вранчев Бишімбаев пен Байжанов Президент күзет қызметінің арқасында Салтанаттың денесін мейрамханадан алып шыға алмай қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Оның айтуынша, 2023 жылы 9 қарашада гастроорталыққа қарама-қарсы ғимаратта Қазақстан және Ресей президенттерінің кездесуі болып жатқан. Сол себепті Күзет қызметі маңайдың қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін Bau мейрамханасын да тексеріп шықпақшы болған. Сонымен бірге гастрорталықтың Сығанақ көшесі арқылы шығатын автотұрағы жабылады.

«Олар ешкімнің көзіне түспей, ішкі паркинг арқылы Салтанаттың денесін машинаға салып алғанның өзінде, гастроорталықтан шыққан кезде, оларды бәрібір тексеретін еді. Сондықтан олар бұл жоспардан бас тартады. Дәл қазір шығару мүмкін емес екенін түсінді. Жалғыз амал – кездесудің аяқталуын күту. Ал кездесу 10 қараша түнде, не тіпті одан кеш бітуі мүмкін еді», — деді адвокат.

Вранчев Байжановтың Бишімбаевқа қарсылық білдіріп, соттың алдында спектакль қойса да, олар бәрін алдын-ала жоспарлап, әрекет жасағанын атады.

«Өте мұқият ойластырған. Президент күзеті мейрамханаға кірген жағдайда кабинканы да тексеріп, қарайтыны сөзсіз. Соққыға жығылған Салтанатты көруі мүмкін еді. Ол кезде Салтанатты ұйықтап жатыр дегенге ешкім сенбейтін еді.  Сондықтан олар мына бір керемет идеяны ойлап тапқан: кабинкада жалаңаш Бишімбаев өз әйелімен бірге ұйықтап жатыр. Мен Бишімбаевтан VIP бөлмедегі дивандарды қосқанда, «қандай киіммен ұйықтадыңыз» деп сұраған едім. Ол күртесін шешіп, көрпені жамылып жатқанын айтты. Енді елестетіп көрейік, күзет қызметкері келді делік. Ер адам. Бишімбаев жатқан кабинканы көргісі келеді. Сол кезде Байжанов  «кешіріңіз, ол жерде мейрамхананың қожайыны әйелімен кешегі түннен кейін ұйықтап, демалып жатыр еді. Қаласаңыз терезеден қараңыз» дейтін еді. Перде ілінген терезеден кабинканың ішіндегі сынғын ыдыс, шашылған заттар, бөтелкелер мен әр жерге жағылған қанды көру мүмкін емес», — деді Вранчев.

Другие новости

Back to top button